Мектеп тарихы
Жамбыл атындағы мектебінің тарихы.
Жамбыл атындағы орта мектебі алғашқы рет Қызыл жар және Қызыл арық колхоздарының құрылыуына байланысты әр ауылдан сауат ашу кезеңінен басталып.
1933 – 34 оқу жылында екі колхоздың ортасына орналасқан. Махамбет қожаның мешітінде бастауыш мектеп ретінде Қызыл жар орталау мектебі ашылды. Сол кезде мектептің меңгерушісі Ахабаев Шаймерден мектеп мұғалімдері болып, Ибрайымов Устай, Орманов Қаппарбек, Аманов Торғауыттар сабақ берді. Сол жылдан бастап мектеп көлемі ұлғайтылды да 1934 – 35 жылдары мектеп жеті жылдық мектепке айналып, мектеп директоры Әбдіқұлов Исахан сайланды. Осы кезден бастап түрлі мамандықтар бойынша мектепте Сдиков, Әбдиев, Бантаев Сүлей, Байбосынов Байташ, Бантаев Қалыбек, Ілиясбеков Өксікбай сияқты мұғалімдер жұмыс істеді.
1938 – 39 жылдары мектептің ауқымы. кеңейтіліп үлкен интернаты бар мектеп болды. Мектеп директоры болып Қыдыралиев Ералы сайланды. Сол кезде Бииазов Кемелбек, Нұғыманов Зәйтден оның жолдасы Айошова Шынар, Шотанов Жамбыл, Тәжібаев Қошқарбай, Хаустова С. М. Жуаныш сықылды жас мамандар мұғалімдер қатарына қосылып мектеп интернатының көлемі ұлғайтылды. Мектеп интернатына Ойық МТС – ы ның териториясындағы "Октябрь,” "Көктөбе,” Сталин, "Ақкөл” "Талас совхозы” "Үш арал,” "Боз арық,” "Қызыл жар,” "Қызыл арық,” "колхоздары” мен елді мекендерінен оқушылар тартылды .
1939 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Талас ауданы Қызылжар бастауыш мектебі болған. Мектеп директоры- Аманов Торғауыт.
1940 жылы Zhambyl region Талас ауданы Қызыл жар жеті жылдық орталау мектебі болған. Мектеп директоры- Нұғыманов Зәйтден.
1941 жылы мектепті Тәжібаев Қошқарбай басқарды.
1942 жылы мектепке Қыдыралиев Ералы басшылық жасады.
1941-1942 оқу жылдарынан бастап ер - азаматтардың көпшілігі Отан қорғау мақсатында әскерге алынып , мектеп мұғалімдер коллективі жергілікті кадрлармен толықтырылды. Бұл кезеңде мектеп мұғалімдері болып: Тілеубекова Қалтай , Мұсабекова Бейсенкүл, Асқанбаев Бексай, Айтбаев Сейдан, Жұмабеков Дәуітбек, Мұратбеков Бегман, Қоңырбаев Аңламас, Әсемова Сара, Ахметова Үмітжан, Мұсабеков, Қалабаевтар жұмыс істеді.
Қызыл жар орталау мектебін бітірген 145 түлектер Ұлы Отан Соғысына аттанды. Оның 75 түлегі қайта оралмады, 62 түлегі аман есен туған жеріне оралды. Ұлы Отан соғысына қатысып капитан шенімен оралған Қаратаев Әбітай, Совет одағының батыры Саду Шәкіров осы мектептің түлектері еді.
1944 - 45 оқу жылдарының ішінде Сағынтаев Ыдырыс, Болатбекова Әзиза , Патшаев Сағаттар жұмыс істеді . Осы кездегі мектеп оқушылары Өмірбаев Қаражан , Таласбаев Тұрар, Шадиков Кеңсебек,Жанбаев Ібіжан, Сауытов Бөлекбай, Кірғабақов Шалқар, Шалқарбеков Асқарбек тағы басқа оқушылар осы мектептен тоғыз класты бітіріп, жоғары оқу орындарын тамамдағаннан кейін ауданымыздың әрбір жерлерінде ұстаздық етті.
1945 - 46 оқу жылында мектеп директоры – Нұғыманов Зәйтден болды. Бұл кез мектептің орта мектептен орталау мектепке ауысқан кезі еді. 1951-52 оқу жылында мектеп директоры – Тұраров Акбар болды.
1952-53 оқу жылдарында мектеп директоры Омаров Оразай болды. 1952-53 оқу жылдары колхоздың үлкеюіне байланысты Қызылжар жетіжылдық мектебі бұрынғы Кеңес колхозының елдімекеніне ауысып, ондағы Кеңес бастауыш мектебі бұрынғы Қызылжар мектебінің орнына келді. Жетіжылдық мектептің директоры Шаметов Рәт, Кеңес бастауыш мектебінің меңгерушісі Нұғыманов Зәйтден болды. Осы кездегі бастауыш жеті жылдық мектептен білім алған министрлікке дейін барған Шардарбеков Шәріпбек, ақын Жарылқасын Аманов ,атақты шопан Бекбасаров Елемес
Ғылым кандидаттары Шалқарбеков Жақсыбек, Адырбеков Мейірбек, институт мұғалімдері Ерсейітов Үшкен, Жамбыл облыстық мәдениет басқармасының бастығы Әмзеев Әлібек Жамбыл облыстық мүлік және жекшелендіру басқармасының бастығы Шарденов Шала, Талас аудандық Талас - дәуір қорының төрағасы Көлбаев Байұзақ , Бұрынғы ауыл әкімі Сейсенбеков Дихан осы мектептің өрендері . 1964 – 65 оқу жылын да жеті жылдық мектеп сегіз жылдық мектепке айналды. Мектепке жыр алыбы Жамбылдың еісімі берілді. Мектеп директеоры болып Оразбекова Бекзада тағайындалды. Мектеп мұғалімдері Айтбаев Сейдан, Қамысбаев Абдрахман, Балықбаев Оспан, Қуатбаева Нұрғайша, Тұрлыбаева Тойкүл, Асқаров Дәне еңбек етті. 1968 – 69 оқу жылынан бастап мектеп директоры Айтбаев Сейдан сайланды. Сол жылдары мектептің түлеп ұшқан түлектері. Атап айтсақ үлкен педогогика ғылымдарының докторы, Ыбрай Алтынсарин атындағы Білім акедемиясының президенті Балықбаев Такир Жамбыл обылыстық метрология және техникалық реттеу басқармасының бастығы Едігеев Абдрахим, ауданға белгілі әнші Арініов Көпжасар, емші - дәрігер Көлбаев Әбдіғаппар, журналист Айтбаев Жанұзақ осы мектептің өрендері. 1981 – 82 оқу жылынан бастап мектеп директоры Өміралиев Бақыт жұмыс істеді.
1992 жылы жеке Көшек батыр бірлестігі құрылды. Жамбыл атындағы сегіз жылдық мектеп орта мектепке айналды.
1994 жылдан бастап Жамбыл атындағы орта мектеп директоры: Мақұлбеков Мейірбек болды. Мектеп толық қадаммен 11 жылдық орта мектеп болып жұмыс істеуде. 178 оқушы 28 мұғалім еңбек етті.
1997 жылдың қарашасынан бастап мектеп директоры болып Кенжебеков Сарсенбек тағайындалды. 1997 – 98 оқу жылында 196 бала мектепке тартылды. 1999 жылдан 2 – маусым күні "Көшек батыр” сағанасын бастау қолға алынды. Қордың президенті болып Жәнібек Әмзеұлы, ауылдағы ұйымдастыру төрағасы Сәрсенбек Кенжебекұлы болып сайланды. Ал тамыз айының ортасында Талас өзеніне тоспа салу басталды. Оның төрағасы Бөден Басқанбаев болды. 12 қарашада "Көшек батыр” кесенесі, Талас өзеніндегі тоспа салатнатты түрде ашылды. 2002 жылдың 20 қыркүйегінде "Көшек батыр” бабаның басына Ел The presidentі Н. Ә. Назарбаев жанұясымен келді.
Ол жерде 1 сағат 15 минут болды. Ауыл адамдарымен кездесу өткізді.
2003 жылдың 15 ақпанында "Көшек батыр” ауылына обылыс әкімі С.Ә. Үмбетов келді Ауыл тұрғындары мен кездесу өткізді.
1. Жаңа мектеп салу
2. Жолды жөндеу
3. Су құбырларын жөндеу, қайтадан қалпына келтіру мәселесін шешеіп беремін деп уәде берді.
2005 жылыдың 15 мамыр күні, Ұлы Отан Соғыс ардагерлеріне арналып, ескерткіш ашылды.
2006 жылы көктем мезгілінде мектеп маңайында Хансұлу апа атындағы саябағы ашылды.
2007 жылы Хансұлу апа саябағы мектеп оқушылары қамқорлыққа алды.
2007 жылдан осы уақытқа дейін Жамбыл атындағы орта мектеп директоры болып Құлыбеков Сембек басқарды. Жамбыл атындағы орта мектепте 26 мұғалім 130 оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беруге ат салысуда.