«Тіл- баға жетпес мұра» атты тілдер апталығының қорытындысы » СШ Жамбыл
Zhambyl region
Талас ауданы білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Тіл- баға жетпес мұра» атты тілдер апталығының қорытындысы
11
September
2021

«Тіл- баға жетпес мұра» атты тілдер апталығының қорытындысы

                       «Тіл-  баға жетпес мұра»  атты тілдер апталығының қорытындысы

           Қазақстан Республикасының  халықтарының   тілдер мерекесіне орай  апталыққа арналған жоспар құрылды.  Апалық қыркүйектің 6-11 қыркүйек аралығында өткізілді.   Апталыққа орай төмендегідей іс-шаралар өз уақытында  өткізіліп отырды.  «Тіл -баға жетпес мұра»  атты тақырыпта  ашылу салтанатын қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімдері  Ф.Мажинова және К.Қыдырмашева, А.Дүйсебек   өткізді. 7 қыркүйек  күні   «Тіл  мәртебесі - ел мерейі »  атты 8-10 сыныптар аралығында эссе жазу байқауы өтті.   Бұл сайысқа белсене қатысқан 10- сынып оқушысы   Төлепберген Әсел және  Дихан Аружан ерекше көзге түсіп , алға суырылып шықты.  8 қыркүйек күні   «Тілге құрмет- елге құрмет» атты  5-11 сыныптар аралығында ашық тәрбие сағаттар өткізу көзделді. Ашық тәрбие сағаттарын өткізу сынып жетекшілеріне  жүктелді.         5-сынып  жетекшісі   Г.Пардабекова  «Тіл- татулық тірегі» , 6- сынып жетекшісі «Тәуелсіздік және тіл», 3- сынып жетекшісі  Г.Алиева   «Тілім менің тірегім»  атты тәрбие сағаттарын өткізді. Сонымен қатар сынып жетекшілер тіліміздің  біз үшін құнды , қастерлі екенін талқылап, оқушылардың пікірлерін тыңдады. Оқушылар өз ойларын жақсы жеткізіп отырды және латын әліпбиі жайлы тың мәліметтер алды. «Қазақ тілі- біздің рухани негізіміз. Біз  2025 жылдан бастап әліпбидің латын қарпіне , латын әліпбиіне көшуіміз керек. Бұл ұлт болып шешуге тиіс  принципті   мәселе. Балаларымыздың  болашағы үшін  осындай  шешім қабылдауға  тиіспіз,   бұл әлеммен  бірлесе түсуімізге ,  балаларымыздың ағылшын тілі  мен интернет   тілін жетік  игеруіне , ең басты –қазақ тілін  жаңғыртуға жағдай туғызады»,- деген сынды пікірлерді жетекшілер оқушы санасына ұқтыра білді.  Тәрбие сағаттары  өз деңгейлерінде өтті.    9 қыркүйек күні «Тіл ғұмыры- ұлт ғұмыры»  атты  10-11 сыныптар аралығында пікірталас өткізілді. Пікірталас өз деңгейінде өтті. 11- сынып оқушылары өз ойын анық және нақты жеткізе білді. 10қыркүйек күні «Тілден қымбат қазына жоқ» атты   мәнерлеп оқу челлендж өткізілді. Мәнерлеп оқудан 11- сынып оқушылары   Жақсыбек Жарқынай  және  Бескемпір Бексұлтан,  6-   сынып оқушысы Орманқұл Нұрислам   атты оқушылар үздік көрінді. Тілдер   апталығының қорытындысын шығарып,   оқушылар  мақтау қағаздарымен марапатталды.