"Қарттарым-асыл қазынам" » СШ Жамбыл
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қарттарым-асыл қазынам"
06
октябрь
2020

"Қарттарым-асыл қазынам"

                                                 Жамбыл атындағы орта мектебі 2020-2021 оқу жылында 1-31 қазан
                                             аралығында Халықаралық қарттар күніне орай "Қарттарым-асыл қазынам" және
                                                 мүмкүндігі шектеулі азаматтаркүніне арналған іс-шаралар жоспары 
 

    «Қарты бар елдің қазынасы бар» – дейді дана халқымыз. Қарттар бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өмір жолдары өнеге, еңбек жолдары үлгі боларлық данагөй тұлға, саялы бәйтерек десек қателеспейміз. 

  «Қарты бар елдің қазынасы бар». Дәл осы атаумен  1-қазан   күні Жамбыл облысы, Талас ауданы, Жамбыл орта мектебінің ұжымы  Көшек батыр ауылының тұрғыны, еңбек ардагері, көп балалы ана-Ахметова Қалдыкүл апаны Қарттар күні мерекесіне орай құттықтады. Апамызға арнайы сыйлықтар беріп,гүл шоқтарын табыстады. 

 Аталмыш іс-шараның мақсаты – елімізде жүріп жатқан қайырымдылық акциясы және алдымыздағы қарттар күні аясында қарттарға  құрмет көрсетіп, оларды назардан тыс қалдырмау. Сондай-ақ, жастардың бойына қайырымдылық қасиетін сіңіру, қоғамда біздің қамқорлығымызға мұқтаж жандар бар екенін олардың естеріне салу, қазыналы қарттарымызды бағалау керек екенін насихаттау. Ұжым атынан барған өкілдер қарттарға құрмет көрсетуді ұмытпауға, оларға тек мерекелерде ғана емес, жиі келіп тұруға уәде берді. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарттардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері тәлім-тағылымдары біз үшін орны бөлек.





Похожие публикации:

10 март 2020 Түлек кз
01 март 2018 Алғыс айту
22 февраль 2018 Мектеп тарихы