"Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Жамбыл-Ұлы дала ақыны" атты аймақтық байқау өткізілді. » СШ Жамбыл
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Жамбыл-Ұлы дала ақыны" атты аймақтық байқау өткізілді.
13
декабрь
2021

"Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Жамбыл-Ұлы дала ақыны" атты аймақтық байқау өткізілді.

Жамбыл атындағы орта мектебінде ҚР тәуелсіздігінің 30 жыл толу мерекесінің аясында "Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Жамбыл-Ұлы дала ақыны" атты аймақтық байқау өткізілді. Іс-шараға Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы, драматург Жамбыл облысының құрметті азаматы, бір сөзбен айтқанда аңыз адам Елен Әбдуатұлы Әлімжан ағамыз және Талас ауданының құрметті азаматы, Мәдениет қызметкері Жақсылық Тұрсынбайұлы, облыстық әнші,термеші  Жолдыбай Жанәділ ағамыз қонаққа шақырылды. Байқау бағдарламасы бойынша бес мектеп Жамбыл атындағы орта мектебі, Шоқан Уәлиханов, Дінмұхамед Қонаев, Ыбырай Алтынсарин о/м, Шона Смаханұлы негізгі мектеп  
4 кезең бойынша сайысқа түсті. 
1 кезең бойынша «Жамбыл - менің жай атым» 
Байқауға қатысушылар өзінің топтарын таныстырып шықты.
2 кезең бойынша
 «Тыңда, дала, Жамбылды» 
Жыр алыбының дастандарын жатқа айту. Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан (поэзиясы) мәнерлеп үзінді оқу. Қойылатын талаптар: байқауға 1 ұстаз қатысады, ақынның өзі таңдаған 1 шығармасын мәнерлеп оқыды. Берілетін уақыт 3 — 4 минут.
3 кезең Жамбылдың шығармаларынан сахналық қойылым (байқауға қатысушылар Жамбыл атамыздың шығармаларынан қойылым дайындады. Сахнаның безендірілуі, киім үлгісі талапқа сай болуы және образға кіру  ерекшелігі ) Берілетін уақыт: 10-15 минут.
4 кезең «Жырымды саған арнаймын» 
Жамбыл бабамызға арнау. Қойылатын талаптар: байқауға 1 ұстаз қатысады, ұстаз өзінің жүрегінен шыққан, ақынға арналған төл туындысын мәнерлеп оқиды. 
Сайыс соңында Бас жүлде иегері Жамбыл атындағы орта мектебінің ұстаздары. 
I орын иегері Шоқан Уәлиханов мектебінің ұстаздары
II орын Дінмұхамед Қонаев мектебінің ұстаздары
III орын Ыбырай Алтынсарин мектебінің ұстаздары және Шона Смаханұлы негізгі мектебінің ұстаздары Алғыс хатпен және қатысушы ұстаздар сыйлықтармен марапатталды. Кеш жоғары деңгейде өткізілді.