"Қызғалдақ" қыздар ұйымының іс шаралары » СШ Жамбыл
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қызғалдақ" қыздар ұйымының іс шаралары
16
октябрь
2020

"Қызғалдақ" қыздар ұйымының іс шаралары

     Жамбыл атындағы орта мектебінде "Қызғалдақ" қыздар ұйымының 5-14 қазан аралығында өткізілген "Қыз болашағы ел-болашағы" атты онкүндік бойынша атқарылған іс- шаралар
  онкүндік іс-шараның мақсаты: Қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотипті жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру. Қыз балаларымыздың қоғамдағы белсенді орнын айқындай отырып, құқықтарының бұзылмауына жол бермеу. 
        Жамбыл атындағы орта мектебі бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ. Жұмабаева ұйымдастыруымен "Халықаралық қыздар күні" мерекесіне орай "Қыз болашағы ел-болашағы" атты арнайы он күндік іс-шаралар жоспарлары жасалып, өткізілді.
        05.10.2020 жылы іс-шара жоспарымен таныстырылып, Қыздар мерекесінің шығу тарихына тоқталып өтті.

        06.10.2020 жылы Қыздар арасында "Қыздардарға әсемдік жарасады" тақырыбында 5-11 сынып қыздар арасында сынып сағаттары өткізілді.

        08.10.2020 жылы мектеп психологы М. Агигаев 6-9 сынып қыздары арасында "Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы" тақырыбы бойынша дәріс өтілді.

        09.10.2020 жылы "Мен қандаймын" 5-8 сынып қыздар арасында шығармашылық сурет байқауы өтілді. Мектеп тәлімгері Ж.Нұрманова көркем салынған суреттерді анықтап, қыздарды марапаттады.
  Сондай- ақ ауыл медбикесі Г. Шикебаева мен мектеп мейіргері Қ.Қодар " Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?" тақырыбында 8-11 сынып қыздарымен кездесу өткізіп, өз кеңестерін берді.

        10.10.2020 жылы "Қызға нәзіктік жарасады" тақырыбында қыздар ұйымының жетекшісі А.Дүйсебектің ұйымдастыруымен пікірталас өтілді.Дөңгелек үстел фясында оқушылар қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілдік, сұлулық т.б. жан- жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу туралы үйренді.
       11.10.2020 жыл Мектеп психологы М.Агигаев " Құқығың бұзыла ма?" тақырыбында қыздардан сауалнамалар алды.
        12.10.2020 жыл Мектептің әлеуметтік педагогы Ә.Жумашева оқушыларға " Қыз бала тәрбиесіндегі ерекшеліктер" тақырыбында қыздарға ақыл, кеңес беріп баяндама оқыды.
Баяндамашы қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беру қажет екенін, қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу деген сөз, сонымен бірге отбасы - қоғамның бір бөлшегі, отбасының алтын қазығы - әйел адам.Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгші өнеге көрген қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды. Сондықтан да бүгінгі ұлттың, салт-дәстүріміздің қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын айтып өтті.