"Хантәңірінің Мұзбалағына 90 жыл"
"Хантәңірінің Мұзбалағына 90 жыл" атты М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған апталыққа жоспар құрылды. Апталық 8-12 ақпан аралығында өткізілді. Апталыққа орай төмендегі іс-шаралар өз уақытында өткізіліп отырды.
8 ақпан күні «Жазылар естеліктер мен туралы» атты 5-11 сыныптар аралығында ақын өлеңдерін жатқа айту және үнпарақтар шығару ұйымдастырылды. Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре жеткізе білді.
9 ақпан күні рефераттар, суреттер, және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ерекше рефераттар жасаудан және сурет салудан көзге түскен 5- сынып оқушысы Орманқұл Нұрислам, 7-сынып оқушысы Мақұлбек Ақмаржан
6-сынып оқушысы Мәмбет Дәулет сынды оқушылар үздік көрінді.
10 ақпан күні «Тауда туған ұлан» ақынға арналған плакаттар мен постерлер қорғаудан 6-сынып оқушылары және 9-сынып оқушылары ерекше плакаттарымен үздік көрінді.
11 ақпан күні «Әлі талай жыр болып жазылармын» арнау өлеңдерін және поэмаларынан үздік көрінген 7-сынып оқушылары Дихан Сабина және Мақұлбек Аянат, 8-сынып оқушысы Орынбай Эльза, Елемес Таңнұр, Елемес Ақерке, 9-сынып оқушысы Төлепберген Әсел, 10-сынып оқушысы Жақсыбек Жарқынай көзге бірден түсіп, алға суырылып шықты.
Апталыққа белсенді қатысқан оқушылар марапаттауға ие болды.



