02
октябрь
2020
Ұстаздар жетістігі
Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу — мінездің күншуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жолына нұр құйып, өмірге де өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізем деп жүретін ұстаздарымыздың жөні де, жолы да бөлек.
Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз — шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!
Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектері үшін Жамбыл атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қыдырмашева Кульшат Дулатбаевна «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінен «Алғыс хат» иегері атанды
және «Мұғалімдер күні» мерекесіне қосқан елеулі үлесі және жас жетекшілерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Жамбыл атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тульжанова Бибигул Нуржановаға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасынан алғыс жарияланады.