"Өнер" бірлестігінің айлығы » СШ Жамбыл
Жамбылская область
Талас ауданы білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Өнер" бірлестігінің айлығы
10
декабрь
2022

"Өнер" бірлестігінің айлығы

Жамбыл атындағы орта мектебінде Өнер бірлестігінің 10 – 30 аралығында «Біз еңбекті, өнерді, спортты сүйетін – мәңгілік ел болашашағымыз» атты айлық жоспардың қорытынды есебі 

Жамбыл атындағы орта мектебінде 10 - шы  қаңтар күні Өнер бірлестігінің «Біз еңбекті, өнерді, спортты сүйетін – мәңгілік ел болашағымыз» атты іс – шараның ашылу салтанаты болды. 
Ашылу салтанатында 9 – 10 сынып қыздары әсем билерімен би биледі. Іс – шараны мектебіміздің директоры Ж. Елемесқызына сөз беріліп Өнер бірлестігіне сәттілік тіледі Сонымен қатар айлық жоспары мен  таныстырылды.   11- ші қаңтар күні 5 – 11 сыныптар аралығында қабырға  газеті шығарылды. Өнер бірлестігінің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Қалима Жұмабаева мен Нұрщат Молжігітова өздерінің қолдан жасаған бұйымдары мен «Ұлттық қолөнер балаға мұра» атты көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен мұғалімдерге «Білімді болсаң, озып көр» сұрақтар жасырылып сұраққа дұрыс жауап берген мұғалімге сыйлық берілді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қосжанов Асланның бастамасымен мұғалімдерге және оқушыларға Флешмоб сергіту сәті өтілді. 12 – ші қаңтар күні Қалима Жұмабаева мен Молжігітова Нұршат екеуі «Ас адамның арқауы»  тақырыбында жәрмеңке өткізді. Оқушылар өздері қолдарынан пісірген тағамдарын  тиімді арзан бағада  сатты. 6 сынып оқушылары түгелдей атсалысып өздеріне тапсырылған тапсырманы орындап, жәрменкенің көркін қыздырды.