"Хантәңірінің Мұзбалағына 90 жыл" » СШ Жамбыл
Жамбылская область
Талас ауданы білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » "Хантәңірінің Мұзбалағына 90 жыл"
10
февраль
2021

"Хантәңірінің Мұзбалағына 90 жыл"

        "Хантәңірінің Мұзбалағына 90 жыл" атты М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған апталыққа жоспар құрылды. Апталық 8-12 ақпан аралығында өткізілді. Апталыққа орай төмендегі іс-шаралар өз уақытында өткізіліп отырды.

        8 ақпан күні «Жазылар естеліктер мен туралы» атты 5-11 сыныптар аралығында ақын өлеңдерін жатқа айту және үнпарақтар шығару ұйымдастырылды. Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре жеткізе білді.

       9 ақпан күні рефераттар, суреттер, және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ерекше  рефераттар жасаудан және сурет салудан көзге түскен 5- сынып оқушысы Орманқұл Нұрислам, 7-сынып оқушысы Мақұлбек Ақмаржан 

6-сынып оқушысы Мәмбет Дәулет сынды оқушылар үздік көрінді.

      10 ақпан күні «Тауда туған ұлан» ақынға арналған плакаттар мен постерлер қорғаудан 6-сынып оқушылары және 9-сынып оқушылары ерекше плакаттарымен үздік көрінді.

      11 ақпан күні «Әлі талай жыр болып жазылармын» арнау өлеңдерін және поэмаларынан үздік көрінген 7-сынып оқушылары Дихан Сабина және Мақұлбек Аянат, 8-сынып оқушысы Орынбай Эльза, Елемес Таңнұр, Елемес Ақерке, 9-сынып оқушысы Төлепберген Әсел, 10-сынып оқушысы Жақсыбек Жарқынай көзге бірден түсіп, алға суырылып шықты.

      Апталыққа белсенді қатысқан оқушылар марапаттауға ие болды.