«Тіл- баға жетпес мұра» » СШ Жамбыл
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Жамбыл атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл- баға жетпес мұра»
07
сентябрь
2021

«Тіл- баға жетпес мұра»

                                                                                           «Тіл- баға жетпес мұра» 
            Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесіне орай апталыққа арналған жоспар құрылып, «Тіл -баға жетпес мұра» атты тақырыбында ашылу салтанатын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ф.Мажинова және К.Қыдырмашева, А.Дүйсебек өткізді. 7 қыркүйек күні «Тіл мәртебесі - ел мерейі » атты 8-10 сыныптар аралығында эссе жазу байқауы өтті. Бұл сайысқа белсене қатысқан 10- сынып оқушысы Төлепберген Әсел және Дихан Аружан ерекше көзге түсіп , алға суырылып шықты. 8 қыркүйек күні «Тілге құрмет- елге құрмет» атты 5-11 сыныптар аралығында ашық тәрбие сағаттар өткізу көзделді. Ашық тәрбие сағаттарын өткізу сынып жетекшілеріне жүктеліп 5-сынып жетекшісі Г.Пардабекова «Тіл- татулық тірегі» , 6- сынып жетекшісі «Тәуелсіздік және тіл», 3- сынып жетекшісі Г.Алиева «Тілім менің тірегім» атты тәрбие сағаттарын өткізді. Сонымен қатар сынып жетекшілер тіліміздің біз үшін құнды , қастерлі екенін талқылап, оқушылардың пікірлерін тыңдады. Оқушылар өз ойларын жақсы жеткізіп отырды және латын әліпбиі жайлы тың мәліметтер алды. «Қазақ тілі- біздің рухани негізіміз. Біз 2025 жылдан бастап әліпбидің латын қарпіне , латын әліпбиіне көшуіміз керек. Бұл ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз, бұл әлеммен бірлесе түсуімізге , балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне , ең басты –қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады»,- деген сынды пікірлерді жетекшілер оқушы санасына ұқтыра білді. Тәрбие сағаттары өз деңгейлерінде өтті. 9 қыркүйек күні «Тіл ғұмыры- ұлт ғұмыры» атты 10-11 сыныптар аралығында пікірталас өткізілді. Пікірталас өз деңгейінде өтті. 11- сынып оқушылары өз ойын анық және нақты жеткізе білді. 10қыркүйек күні «Тілден қымбат қазына жоқ» атты мәнерлеп оқу челлендж өткізілді. Мәнерлеп оқудан 11- сынып оқушылары Жақсыбек Жарқынай және Бескемпір Бексұлтан, 6- сынып оқушысы Орманқұл Нұрислам атты оқушылар үздік көрінді. Тілдер апталығының қорытындысын шығарып, оқушылар мақтау